$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысының әкімдігіне қарасты мекеменің бірнеше жылғы былығы анықталды

9,2 млн теңгенің мүлкі бойынша 7 шартты заңсыз жасаған

Ақмола облысының әкімдігіне қарасты мекеменің бірнеше жылғы былығы анықталды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ақмола облысының әкімдігіне қарасты мекеменің бірнеше жылғы былығы анықталып, прокуратураның назарына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұланды ауданында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорынның 2023-2024 жылдар бойы жүйелі түрде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей (веб-порталдан тыс, қағаз жеткізгіште) шарттарды заңсыз жасағаны анықталды.

Атап айтқанда, қазандықтарды тексеруге, мұнай өнімдері мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға, сондай-ақ арнайы техниканы жалға алуға жалпы сомасы 9,2 млн теңгеге 7 шарт анықталды.

«Осы тәсілмен шарттар жасасу камералдық бақылауды айналып өту, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді бермеу құралы болып саналады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары