$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында жыныстық қатынастан кейін 100-ге жуық адам ВИЧ жұқтырған

Вич жұқтырғандардың басым бөлігі – ер адам

Ақмола облысында жыныстық қатынастан кейін 100-ге жуық адам ВИЧ жұқтырған
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, өңірде ВИЧ инфекциясы жағдайы жыл өткен сайын нашарлап барады. 2023 жылы аурудың 107 жағдайы анықталды, ал 2024 жылы – 109, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВИЧ көбінесе ер адамдарда анықталған. Мәліметке сүйенсек, инфекция жұқтырған ер адамдардың үлесі – 63,3%, әйелдер – 36,7%.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында жұқтырғандардың жасы туралы да айтылды.

«Жаңадан жұқтырғандардың жартысынан көбі 30-49 жас тобына келеді. Ең жасы – 19 жаста, ал ең үлкені – 68 жаста», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы Azattyq Rýhy сауалына жауап ретінде.

Көбінесе аймақта ВИЧ жыныстық жолмен жұқтырылған, бұл – жағдайлардың 80%-дан астамы. Ал есірткі қолдану – жағдайлардың аз бөлігін құрайды.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында ЛГТБ-ға мүше 21 адам жыныстық қатынастан кейін ВИЧ-инфекциясын жұқтырып алғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары