29.01.2025, 09:40
Қоғам
Атырау облысында ЛГТБ-ға мүше 21 адам жыныстық қатынастан кейін ВИЧ-инфекциясын жұқтырып алған
Жалпы, өңірде 85 адамнан осы дерт анықталған
Фото: istockphoto.com
2024 жылдың 11 айында Атырау облысында ЛГТБ-ға мүше 21 адам ВИЧ-инфекция жұқтырып алған. Бұл туралы Azattyq Rýhy ресми сауалына жауап бере отырып облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жалпы, осы аралықта өңірде 85 адамнан осы жұқпалы дерт табылған. Айта кетерлігі, 2023 жылы дәл осы уақытта аймақта 55 адамнан ВИЧ табылған.
«Былтыр гетерсексуалды жыныстық қатынастан кейін 56 адам, гомосексуалды жыныстық қатынастан кейін 21 адам, ине арқылы есірткі қабылдаған 2 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған», - деп жауап берді басқарма біздің ресми сауалға.
Айтып өткеніміздей, 2023 жылы Атырау облысында 55 адамнан ВИЧ табылған. Оның ішінде 5 адам ЛГТБ өкілі болып шыққан.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды