$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2025, 10:20
Қоғам

«Құдалық мүлде өтпесін»: депутаттар тойға 250 адам, қыз ұзатуға 100 адам ғана шақыру туралы заң дайындады

Қырғыз депутаттары қазір осы мәселені қызу талқылап жатыр

«Құдалық мүлде өтпесін»: депутаттар тойға 250 адам, қыз ұзатуға 100 адам ғана шақыру туралы заң дайындады
Фото: istockphoto.com

Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесінің екі депутаты «Қырғыз Республикасындағы салт-дәстүр мен той өткізу кезінде ысырапшылдықты шектеу туралы» заң жобасын дайындап, оны қоғам талқысына шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

24.kg агенттігінің жазуынша, заң жобасының авторлары депутат Замирбек Мамасадықов пен Шайырбек Ташиев.

Олар қырғыз елінде үйлену тойын өткізу үшін бір ірі қара немесе бір жылқы сойып, 250 адам шақыру, ал, қыз ұзату кезінде бір ірі қара немесе бір жылқы сойып, 100 адамнан аспайтын ғана қонақ шақыру туралы шектеу ұсынып отыр.

«Егер қыз ұзату мен үйлену тойы бірге өтсе, онда бір ірі қара немесе бір жылқы сойып, 350 адам ғана шақыру керек. Бір-біріне қоржын салып, құдаларға шай беруге мүлдем тыйым салу», - деп жазылған құжатта.

Қазір заң жобасы қоғамдық талқылауға шыққан. 

Серіктес жаңалықтары