$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 15:19
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ең көп ауырып жатқан кімдер

Қала әкімі Алтай Көлгінов жастарды сақтық шараларын ұмытпауға шақырды

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ең көп ауырып жатқан кімдер

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 18-49 жас аралағындағы адамдар. Бұл туралы қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы өтіп жатқан баспасөз мәслихатында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

Қала мэрі «коронавирус жас талғамайтынын» және «коронавирус үлкен кісілерге тез жұғады деген болжам қате» екенін атап өтті.

«Елордада коронавирус жұқтырған 1686 науқас тіркелді. 835 пациент емделіп шықты. Қалғандары қазір каранинде. Өсім статистикасы – 2,4%», - деп хабарлады Көлгінов.

Статистика бойынша, 1686 адамның 40%-ы - 30 жасқа толмаған азаматтар болса, 35%-ы – 30-50 жастың кісілері.

«Осы статистикаға жүгінсек, коронавируспен тек үлкен адамдар ауырады деген қате. Коронавирус жас талғамайды. Сондықтан, сақтық шараларын ұмытпау керек», - деді әкім.

Елордада жаңа вируспен ауырып шыққан осы 1686 адамның 1084-і ер адам, қалғандары әйел азаматтар екені белгілі болды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары