$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 14:54
Жаңалықтар

Қазір Моңғолияда сотталған Қазақстан азаматы жоқ – СІМ

Ал, Қазақстан аумағында жазасын өтеп жатқан 6 Моңғолия азаматы бар

Қазір Моңғолияда сотталған Қазақстан азаматы жоқ – СІМ
көрнекі фотосурет: 7info.ru

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Луасан Баттулга 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан астанасында жасалған Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты.

Осы шарттың 21-бабының 1-тармағына сәйкес, ол ратификациялау грамоталарымен алмасқан күннен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.

Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне «Моңғолияда бас бостандығынан айрылған қанша Қазақстан азаматы бар?» деген сауал жолдады. Ведомствоның хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта аталмыш мемлекетте бас бостандығынан айрылған Қазақстан азаматы жоқ.

«Дәл қазір Моңғолияда бас бостандығынан айрылып, жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары жоқ. Соңғы жазасын өтеуші 2019 жылдың мамыр айында босатылды», - делінген ведомство жауабында.

Ал, Қазақстан аумағында жазасын өтеп жатқан 6 Моңғолия азаматы бар. 

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары