$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 15:41
Жаңалықтар

«FacePay»: Нұр-Сұлтанда автобустар адамның бетіне «қарап», төлем алады

Қала әкімінің айтуынша, қазір «Фейс пей» жобасы ілкі жоба ретінде жүріп жатыр

«FacePay»: Нұр-Сұлтанда автобустар адамның бетіне «қарап», төлем алады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жолақысын барынша автоматтандыру коронавирустың  таралуын тежейді.

«Төтенше жағдай аяқтала салған соң, жұмысқа шыққан көптеген қалалықтардың  өтінішіне байланысты, автобустар қайта жүре бастаған еді. Бірақ, жолаушылар талапты (карантин талаптарын -авт) елемей кетті. Өздеріңіз білетіндей, бізде бір автобус жүргізушісінен коронавирус анықталған. Карантинге дейін қоғамдық көлік күніне 70 мыңнан астам жолаушы тасығанын ескере отырып, төтенше жағдай кезінде автобустарды тоқтатқан едік. Бірақ алашқы күндері жолаушылар талапқа мән берген жоқ», - дейді Көлгінов.

Сондықтан карантин талабына құлақ аспаған қалалықтарды контролерлер мен еріктілер тексеріп, жауапкершілікке шақырған.

«Автобустар мен аялдамаларды күнде дезинфекциялаймыз. Ең бастысы,  цифрландыру бізге көмектесіп отыр, қазір төлемнің 98 пайызы онлайн жасалады. Бұл карантин кезінде бізге қатты көмек болды. Сондықтан, қазір біз ілкі жоба ретінде «фэйс пэй» жобасын жүргізіп жатырмыз.  Яғни, автобустағы камералар адамдардың түрін түсіріп, автоматты түрде төлем алады. Бұл ілкі жоба. Алдағы уақытта бірлесе енгізетін, уақыт еншісіндегі ілкі жоба», - деді Көлгінов.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары