29.01.2025, 15:15
Жаңалықтар
Шымкентте кәсіпкерлер 700-ден астам адамның зейнетақысын төлемей, 16 млн теңге пайда көрген
Көптеген жұмыс беруші құқықтық нормаларды сақтамаған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Шымкентте компаниялар 720 адамның зейнетақы қорына тиісті қаражатын аудармаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметше, талдау нәтижесінде көптеген жұмыс беруші құқықтық нормаларды сақтамаған.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік кодекстің жаңа ережелері қолданысқа енгізілді, оларға сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлердің табысының 1,5% көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлеуге міндетті. Алайда, 220 компания зейнетақы қорына 720 қызметкерге міндетті жарна төлемеген.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, жұмыс берушілер зейнетақы қорына 16 млн теңге жарналарын төледі», - делінген прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды