$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда ағайынды екі жігіт есірткімен қолға түсті (ВИДЕО)

Күдіктілер 25 және 19 жастағы ағалы-інілі екені анықталды

Атырауда ағайынды екі жігіт есірткімен қолға түсті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скриншот

Атырауда есірткі сақтаған ағайынды жігіттер күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция мәліметінше, Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінің иесі полиция көмегіне жүгініп жалға алушылардың пәтерақы төлемей және пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған.

Мән-жайды анықтау үшін пәтерге келген учаскелік полиция инспекторлары күдікті әрекеттерді байқаған. Пәтердегі екі ер адамның бірі керуетке зат жасырып, екіншісі терезеден зат лақтырып күдік тудырған.

Тексеру нәтижесінде керует астынан 4 зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі табылып, тәркілеген.

«Жедел-тергеу тобы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шақырылып, терезеден лақтырылған киім қалтасынан тағы бір зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдіктілер 25 және 19 жастағы ағалы-інілі екені анықталды.

Күдіктілердің есірткіні қайдан алғаны және оны кейін қайда таратпақ болғандары тексеріліп жатыр. Оларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары