$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да полицей әйел адамды қағып өлтірді

Қайғылы оқиға 24 қаңтарда болған

БҚО-да полицей әйел адамды қағып өлтірді
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Полиция қызметкері артқа жүремін деп әйел адамды басып өткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 24 қаңтарда болған. Мицубиси көлігін тізгіндеген полиция қызметкері артқа жүріп келе жатып, жолды белгіленбеген тұстан кесіп өткен әйел адамды қағып кеткен.

«Жол апаты салдарынан әйел адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші сау болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Сондай-ақ, адам өліміне себепкер болған полиция қызметкерінің сол күні жұмыстан босатылғаны хабарланды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары