27.01.2025, 10:56
Жаңалықтар
Алматы облысында екі жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адам тірі табылды
Оның қайда болғаны әзірге белгісіз
Фото: volontery_almaty_lider.kz/Instagram
Алматы облысында 2022 жылдың жазында жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Бірер күн бұрын еріктілер қуанышты хабар жариялап, оның табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
32 жастағы Абай Шамақов 2022 жылдың 14 маусымында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол таңғы сағат 7 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылының саяжайындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Екі жылдан астам уақыт бойы оны туыстары, полицейлер мен еріктілер іздеген.
LIDER.KZ іздестіру ұйымы ер адамның осы жылдың 25 қаңтарында тірі табылғанын хабарлады. Олар оның осы уақыт ішінде қайда болғанын нақтылаған жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы