Меф, прекусор: Павлодарда жасырын зертханада 1,5 тоннада астам есірткі табылды (ВИДЕО)
Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алды
Павлодарда жасырын зертхана табылып, 1,5 тоннада астам есірткі және есірткі жасауға арналған заттар табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, 18 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-нің «Бүркіт» арнайы бөлімшесін қатыстырумен Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операция өткізді.
«Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматын ұстап, соттың санкциясымен қамауға алды.
Тінту барысында 20 килограмнан аса «Мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.