26.01.2025, 13:16
Жаңалықтар
Каспий теңізінде 3,1 балдық жер сілкінісі болды
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр
Фото: © istockphoto.com
Каспий теңізінде магнитудасы 3,1 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 25 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 18:22-де болған.
«Жерасты дүмпулерінің ошағы 66 километр тереңдікте болған. Эпицентр Ақтау қаласынан 460 километрқашықтықта орналасқан. Координаттары: 39°34′48″ солтүстік ендік, 51°36′36″ шығыс бойлық», — делінген хабарламада.
Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат түспеген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы