$ 516.77  542.87  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шөбересі 76 жастағы әжесінің жүкті екенін хабарлады (ВИДЕО)

Әйелдің 12 апталық жүктілік кезеңінде екені белгілі болды

Шөбересі 76 жастағы әжесінің жүкті екенін хабарлады (ВИДЕО)
Фото: © istockphoto.com

АҚШ-та 76 жастағы әйелдің жүкті екені туралы жаңалық интернетте кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр. Әйелдің 12 апталық жүктілік кезеңінде екені белгілі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Sun-ға сілтеме жасап.

«Әйел бас айналатынына шағымданып, ауруханаға қаралған. Дәрігерлердің айтуынша, ол жақын арада ана атанбақ, себебі 12 аптадан бері жүкті екені анықталған», — деп жазады басылым.

Әйелдің жүкті екені туралы хабар оның шөбересінің әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін кең таралып, миллиондаған көрілім жинаған.

«Талдау нәтижесін алдық. Жүкті екеніңіз сөзсіз», – дейді дәрігер.

«Не?», — деп әйел таңқалғанын білдіреді.

Дәрігерлердің айтқаны дұрыс болып, әйел бала тууға шешім қабылдаса, ол әлемдегі ең егде жастағы ана ретінде рекорд орнатуы мүмкін.

Шөбересі түсірген видео төрт күн ішінде 40 миллионнан астам көрілім жинаған. Видеода әйелдің дәрігерден естіген жаңалығына таңданғаны көрсетілген. Шөбересінің айтуынша, бала шілдеде дүниеге келуі мүмкін.

Айта кету керек, медициналық тәжірибеде 70 жастан асқан әйелдердің ЭКО арқылы бала туып жатқаны белгілі. Алайда, табиғи жолмен жүкті болып, бала туған әйелдердің ең үлкені 59 жаста болған.

Серіктес жаңалықтары