$ 516.13  538.01  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алғаш рет пойызда спутниктік интернет іске қосылды

Бұл қызмет жолаушылардың сапарын барынша жайлы етуге бағытталған

Қазақстанда алғаш рет пойызда спутниктік интернет іске қосылды
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда «Астана – Алматы» №3/4 пойызы алғаш рет жолаушыларға спутниктік интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынды. Қызмет жолаушылардың сапарын барынша жайлы етуге бағытталған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

17 сағатқа созылатын сапар барысында 500-ге жуық жолаушы интернетті пайдаланып, жақындарымен WhatsApp арқылы бейнеқоңыраулар жасап, YouTube платформасынан бейнероликтер көріп, түрлі интернет-сервистерге қол жеткізді. Алайда, торренттер мен ағындық жүктеу сайттарына қол жеткізу шектелген.

Жолаушылар интернеттің ұзақ жолды жайлы әрі қызықты ететінін айтып, бұл қызметті жоғары бағалады. Интернет спутниктік технологиялар негізінде қамтамасыз етілген. Локомотивке орнатылған заманауи спутниктік жабдық сапар барысында тұрақты және жоғары жылдамдықты интернет ұсынады.

«Пойыздардағы интернетті енгізу – жолаушылар тасымалының дамуына арналған маңызды қадам. Біз саяхаттарды барынша ыңғайлы және заманауи талаптарға сай етуді көздейміз. Бұл жоба жолаушылардың сапар барысында байланыста болып, жұмыс істеп, бір уақытта демалуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл қызметті барлық 15 «Тальго» маршрутына енгізу жоспарланып отыр», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Жобаның жүзеге асуына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Көлік министрлігі, Jusan Mobile телекоммуникациялық компаниясы және Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторы қолдау көрсетті.

Айта кетсек, бұған дейін енді жолаушылардң интернетте Watsapp қолданып, YouTube көре алатынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары