26.01.2025, 02:28
Жаңалықтар
Юлия Галышева әлем кубогының суперфиналына шықты
Ол жекелей сында суперфиналға өтіп, 71,06 ұпай жинады
Фото: Instagram/galysheva_yuka
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева АҚШ-та өтіп жатқан әлем кубогының суперфиналына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
АҚШ-тың Уотервилл қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының келесі кезеңі өтіп жатыр.
Қазақстан атынан шыққан Юлия Галышева жекелей сында суперфиналға өтіп, 71,06 ұпаймен 6-орында аяқтады.
Қазақстан құрамасының қалған мүшелерінің нәтижелері:
Әйелдер:
- Анастасия Городко – 9 орын;
- Аяулым Әміренова – 26 орын.
Ерлер:
- Павел Колмаков – 21 орын;
- Антон Бондарев – 39 орын;
- Федор Бугаков – 43 орын.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
