$ 516.13  538.01  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында алты отбасы жетім қалған 30-ға жуық баланы асырап алған

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша үш мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты

Павлодар облысында алты отбасы жетім қалған 30-ға жуық баланы асырап алған
Фото: istockphoto.com

Қазіргі уақытта жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу болды.

Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы үш мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.

2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында алты қабылдаушы отбасында 28 бала тәрбиеленуде.

Серіктес жаңалықтары