$ 516.77  542.87  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқынынан зардап шеккен: Орал тұрғыны әкімдікті сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды

Орал қаласы әкімдігі оған 2,2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс

Су тасқынынан зардап шеккен: Орал тұрғыны әкімдікті сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды
Фото: Ақорда

Су тасқыны салдарынан үйінен айырылған Орал тұрғыны әкімдікке шағымданып, өтемақы талап еткен. Бастапқыда баспана беруден бас тартылғанымен, азамат әкімшілік сотқа жүгініп, ақырында өтемақы алу құқығын қорғап шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, зардап шеккен тұрғын қала және облыс әкімдіктеріне үйін тұруға жарамсыз деп тану және баспана беру туралы өтініш түсірген. Алайда, оған өтемақы төлеуден бас тартылған.

Сот процесі барысында судья тараптарға медиация арқылы келісімге келуді ұсынды. Нәтижесінде талапкер өз шағымынан бас тартып, Орал қаласы әкімдігі оған 2,2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге келісті. Төлем 1 наурызға дейін жүргізілуі тиіс.

Сарапшылар дәл осы соманы су тасқынынан зардап шеккен азаматтың мүлкіне келтірілген шығын ретінде бағалаған.

Серіктес жаңалықтары