25.01.2025, 20:14
Жаңалықтар
Қазақстанның 10 облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды
Боран соғып, ауа райы нашарлайды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 26 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының кей жерлерінде екпіні секундына 15-20 метрге жететін қатты жел соғады.
Жетісу облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Синоптиктердің болжамынша, Ұлытау облысында да жел соғады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Ақтау қаласында тұман күтіледі.
Жамбыл облысында, Таразда тұман, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел күтіледі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
