25.01.2025, 16:41
Жаңалықтар
Алматыда Almaty Arena мұз айдынында өрт шықты
Өрт ғимараттың кіші залындағы бірінші қабатта болған
Фото: pixabay
Алматыдағы Almaty Arena мұз айдынында өрт шықты. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, өрт ғимараттың кіші залындағы бірінші қабатта болып, 40 шаршы метр аумақта төсеніштер жанған.
Оқиға болған кезде ғимаратта болған келушілер мен қызметкерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен сыртқа шыққан.
«Өрт сағат 15:46-да оқшауланып, жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ. Толық сөндіру жұмыстары сағат 15:52-де аяқталды», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)