$ 516.85  537.68  5.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дубай шоколады, шайн мускат: Астанада бірнеше өнімді сауда сөрелерінен алып тастау міндеттелді

Жалпы 450-ден астам тауар түрі зерттелді

Дубай шоколады, шайн мускат: Астанада бірнеше өнімді сауда сөрелерінен алып тастау міндеттелді
Фото: © istockphoto.com

Астанада санитарлық тексерістен өтпеген және таңбалау талаптарын бұзған өнімдерді сауда сөрелерінен алып тастау міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

КТК телеарнасының хабарлауынша, сауда сөрелерінен алынған өнімдер қатарында «Шайн мускат» жүзімі; Дубай шоколады; «Доширак» жылдам дайындалатын кеспесі; Беларусь сүті; Бірнеше шай түрі бар.

«Беларусь сүтінен май қышқылының құрамы бойынша сәйкессіздіктеранықталды. Ресейлік ұнның құрамындағы мырыш пен темірдің мөлшері төмен болған. Қазақстандық шайдан бояғыш заттар табылды», — делінген хабарламада.

 

Департаменттің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі өткен жылы 450-ден астам тауар түрін зерттеп, өнімдердің технологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексерді.

«Таңбасы жоқ өнімдер, әсіресе азық-түлік өнімдері, қауіпті саналады. Себебі өнім туралы ешқандай ақпарат жоқ, бұл тұтынушыны шатастырады. Осыған байланысты сауда субъектілеріне өнімді сөрелерден алып тастау, жеткізушіге қайтару немесе жою жөнінде нұсқау берілді», – деп түсіндірді Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қарлығаш Әбдішева.

Серіктес жаңалықтары