25.01.2025, 16:19
Жаңалықтар
Жетісу облысында 12 адам қар құрсауынан құтқарылды
Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ
Фото: depositphotos.com
Жетісу облысының Алакөл ауданында Үшарал – Достық тас жолында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қар құрсауында 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлікқалып қойған. Құтқарушылар ауа райы жағдайына қарамастан, барлық азаматты арнайы көлікпен Достық станциясына жеткізді», — делінген хабарламада.
Құтқарылған адамдардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райының қолайсыздығы кезінде елді мекендерден шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
