$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кедергі жасамаудың өзі – үлкен даналық»: Қайрат Нұртастың әйелі ене болудың сырын айтты

Қайрат Нұртастың әйелі осы орайда ешқайсымен бірге өмір сүретін ниеті жоқ екенін айтты

«Кедергі жасамаудың өзі – үлкен даналық»: Қайрат Нұртастың әйелі ене болудың сырын айтты
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ене болудың сырын айтып, ішіндегі сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жұрттың пікіріне жауап беріп өтті.

«Ұлдарыңызға болашақ жарық туралы пікір айтасыз ба? Мысалға, келінім мынандай болса», - деп сұрайды желі қолданушыларының бірі.

Қайрат Нұртастың әйелі осы орайда ешқайсымен бірге өмір сүретін ниеті жоқ екенін айтты.

«Қызық сұрақ екен. Келініммен бірге ғұмыр кешетін ме емес қой. Күйеу баламен де өмір бойы бірге жүретін ниетім жоқ. Ең әуелі, олар бір-біріне жайлы болуы керек емес пе!? Менің тарапымнан шамам келсе, қолдау көрсету ғана. Қолдай алмасам, кедергі жасамаудың өзі үлкен даналық деп білемін», - деп жазды актриса.

Серіктес жаңалықтары