24.01.2025, 11:59
Жаңалықтар
Қарағанды облысында бір күнде үш көлік өртеніп, бір адам уланып қалды
Үш оқиға облыстың үш жерінде болған
Фото: ҚР ТЖМ
Қарағанды облысында 23 қаңтарда бір күнде үш көлік отқа оранды. Олардың бірі Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұқар жырау ауданындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында Shacman жүк көлігі өртенді. Кабинада қалып қалған жүргізуші көмірқышқыл газынан уланып қалған. Ер адам Қарағандыдағы Мақажан атындағы емханаға жатқызылды.
Тағы бір оқиға Шахтинск қаласында тұрғын үйдің жанында болды. Көліктің аспаптық панелі мен ішкі әрлеуі жанып кетті. Мұның бәрі қысқа тұйықталудың салдарынан болды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Дәл осындай себеппен сол күні Теміртауда көлік өртеніп кетті.
Өртенген көліктердің барлығын өрт сөндірушілер сөндірді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр