Қылмыс жасап, шетелге қашып кеткен: былтыр 67 қазақстандық елге қайтарылды
Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды

Бас прокуратура шетелге қашып, экстрадицияланған қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүріп жатыр.
«2024 жылы 9 (1) халықаралық шарттар жасалды. Мароккомен – 3, Перумен – 3, Катармен – 2 және Кипрмен – 1.
Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды. 2024 жылы Қазақстанға 67 (55) адам ұсталып жіберілді: Ресейден – 37, Грузиядан – 6, Қырғызстаннан – 4, Түркиядан, БАӘ мен Әзербайжаннан – 3, Польша мен Армениядан – 2, Испания, Швеция, Чехия, Германия, Корея, Молдова, Украина елдерінен – 1», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.