$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Саран қаласындағы сатушының өлімі: полиция іске қатысты тың дерек жариялады

Пышақтап өлтірген күдікті – 50 жастағы жергілікті тұрғын

Саран қаласындағы сатушының өлімі: полиция іске қатысты тың дерек жариялады
Фото: Видеодан скрин

Саран қаласында жергілікті дүкеннің сатушысы айуандықпен өлтірілген. Белгісіз ер адам дүкен сатушысын пышақтап өлтіріп кеткен. Полиция іске қатысты тың мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін полиция шабуыл жасаған күдіктінің 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққанын хабарлаған. Ер адам қазір қамауда отыр.

«Күдіктінің ауыр қылмыс жасаудағы мақсаты – ақша. Ер адам күш қолданып, пышақпен қорқытып, дүкеннің кассасын тартып алмақ болған. Алайда сатушы қарсылық танытқан соң пышақтап кеткен. Салдарынан пышақ жарақатын алған, ол қайтыс болған», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаменті.

Еске салайық, қайғылы оқиға Саран қаласындағы дүкендердің бірінде болды. Ер адам 27 жастағы сатушыға пышақпен шабуыл жасаған. Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары