$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Саран қаласындағы сұмдық қылмыс: қарақшы сатушы әйелді аяусыз пышақтап өлтірген (ВИДЕО)

Күдікті әлі ұсталған жоқ

Саран қаласындағы сұмдық қылмыс: қарақшы сатушы әйелді аяусыз пышақтап өлтірген (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қарағанды облысының Саран қаласында сатушы әйел қарақшының қолынан қаза тапты. Әлеуметтік желіде қылмыс болған сәттің видеосы тараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, дүкенді тонамақ болған ер адам 27 жастағы сатушы әйелге тап берген. Сатушы қарақшыға қарсылық танытып, оны дүкеннен қуып шықпақ болған. Алайда, камуфляж киіп, бетін бүркелеген ер адам оны бірнеше рет пышақтап, артынша кассадан ақша алып, ізін жасырған.

Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, күдікті әлі қолға түспеген.

«Күдікті адамды анықтап, оны ұстау үшін облыстың жеке құрамы түгел бағытталды. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары өтіп жатыр Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары