23.01.2025, 08:56
Оқиғалар
Ақтөбелік құтқарушылар 82 шетел азаматын эвакуациялады (ВИДЕО)
Зардап шеккендер жоқ
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан автобус жолын жалғастыра алмай, жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ қызметкерлері 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді. Олар Өзбекістан, Тәжікстан және РФ азаматтары. Автобус сынғандықтан, әрі қарай қозғалу мүмкін болмаған.
Зардап шеккендер жоқ. Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына алғыс білдірді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді