23.01.2025, 12:22
Оқиғалар
Саранда дүкен сатушысын аяусыз өлтірген күдікті 50 жастан асқан адам болып шықты (ВИДЕО)
Қаза тапқан әйелдің артында екі баласы қалған
Фото: скриншот
Бүгін хабарлағынымыздай, Саран қаласында дүкенге баса-көктеп кірген ер адам сатушы әйелді аяусыз өлтіріп, кассаны тонаған. Полиция бір күн өте күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның қолға түскенін және жасы елуден асқан егдедегі адам екенін облыстық полиция департаменті растады.
«Жедел шаралардың арқасында Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 50 жастағы адам ұсталды. Оны Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу тобы қамауға алды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
