Абай облысында орманда жоғалып кеткен шаңғышыны полицейлер 10 км жаяу жүріп іздеп тапты
Оқиға 22 қаңтар күні болды
Абай облысында жоғалып кеткен шаңғышыны полицейлер 10 шақырым жаяу жүріп іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
22 қаңтар күні 102 пультіне әйел адам қоңырау шалып, Павлодар тас жолы маңында шаңғымен серуендеу кезінде күйеуі жоғалып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, күтпеген жерден басталған боран салдарынан ер адам бағытынан адасып, орманда қалып қойған. Онымен байланыс үзілген, және ол орманнан өз бетімен шыға алмаған.
«Шақырту бойынша оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жіберілді. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, олар қар жамылған орманда іздестіру жұмыстарын бастады. Қалың боран мен жүріп өтуге қиын аумақтарға қарамастан, полицейлер 10 шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Қардың үстінен шаңғы іздерін байқаған полиция қызметкерлері сол іздерді бойлай, іздестіру жұмыстарын сәтті аяқтап, семейлік ер адамды тапты.
Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық болды, оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Ол өзін қиын жағдайдан құтқарғаны үшін полицейлерге шын жүректен алғыс айтты», - делінген облыстық ПД хабарламасында.