22.01.2025, 08:05
Жаңалықтар
Ұлытау облысында 1200-ден астам көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
24 азаматқа көмек көрсетіліп, 8 көлік эвакуацияланды
Фото: Видеодан скрин
Жезқазған-Сәтбаев автожолында ауа райының нашарлауына байланысты 1200-ден астам көлік кептеліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен бірлесіп, автоколоннаны жақын маңдағы елді мекендерге қауіпсіз жеткізуді ұйымдастырды. Ұлытау облысының аумағында
«Операция барысында 24 азаматқа көмек көрсетіліп, 8 көлік эвакуацияланып, сүйреп шығарылды. Барлық жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіз орындарға жеткізілді», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты трассаларда кезекшілігін жалғастыруда.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті