22.01.2025, 07:10
Жаңалықтар
Петропавлда су басқан үйлердің орнына триатлон парк салынады
Бұл туралы қала әкімі айтты
Фото: Петропавл қалалық әкімдігі
Былтыр көктемде Петропавлдың Ойқала шағынауданы тасқын судың астында қалған болатын. 2 485 үйге су кіріп, 1 873-і тұруға жарамсыз деп танылған. Бұзылған үйлердің орнына триатлон парк салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тасқынның зардабын жою мақсатымен барлық аудандар механикаландырылған бригадалар жіберді. Бұл шамамен 500 адам. Олар тұруға жарамды деп танылған үйлерді жөндеу және жарамсыз баспаналарды бұзумен айналысты. Кейбір үйлерді тұрғындар өздері жөндеп алды», – деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Бұзылған үйлердің орнында көктемде көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек.
«Қазір Ойқала шағынауданында триатлон парк пен саябақ салу үшін жобалау жұмыстары басталып кетті», – деді шаһар басшысы.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
