$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталды

Қазір тараптар тергеу материалдарымен танысуда

Адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталды
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен жылы 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 4-ші қазанында Талғар қаласындағы төбелес кезінде  Шерзат Полат қайтыс болғаны белгілі.  12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғаған.

Серіктес жаңалықтары