19.01.2025, 13:08
Жаңалықтар
Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы нашарлайды
19 қаңтар күні қар жауып, көлік қозғалысына әсер етуі мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Қазақстанның 16 облысында ауа райы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
19 қаңтар күні Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында қар жауып, бұл көлік қозғалысына әсер етуі мүмкін.
«Ауа райының өзгеруіне байланысты жол ережелерін қатаң сақтаңыз. Жол жағдайларын алдын ала тексеріп, сақтық шараларын ұмытпаңыз», — деді «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге.
Республикалық маңызы бар жолдар туралы ең өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығына хабарласып білуге болады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды