17.01.2025, 06:09
Жаңалықтар
«Екі итті талап тастады»: Астананың іргесіндегі ауылға жолбарыс шапқаны туралы видео жарияланды
Оқиға елордадан 25 шақырым жердегі ауылда болды
Фото: istockphoto.com
Астананың іргесінде 25 шақырым жерде орналасқан Рождественка ауылына жолбарыс шапқаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео авторының айтуынша, жолбарыс жер үйлердің бірінің ауласына кіріп, екі итті жеп қойған.
«Жолбарысты атып өлтірдік. Қораға кіріп кетіпті. Алдымен екі итті жеп қойды. Одан кейін қорадағы қорада тұрған тайыншаға шапқан. Артынша шатырға шығып алды. Инспектор келгенде қолын тістеп алды. Жолбарысты өлтіруге мәжбүр болдық», - дейді видео авторы Арман Даниель.
Айта кетейік, осыған дейін елімізде 2025 жылы жолбарыс саны көбейетіні туралы хабарланған. Қазақстан көршілес Ресейден төрт жолбарыс әкелуді жоспарлап отыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды