$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде кепілден құтқарылғаннан кейін қаза болған: ерлі-зайыпты зейнеткердің жаназасы шығарылды

Оқиға 14 қаңтар күні кешкі уақытта болды

Ақтөбеде кепілден құтқарылғаннан кейін қаза болған: ерлі-зайыпты зейнеткердің жаназасы шығарылды
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде кепілдікке алынып, салдарынан алған жарақатынан көз жұмған ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қырық жастағы ақтөбелік бірнеше сағат бойы жертөледе тұтқында ұстаған зейнеткерлер қаза болып, олардың қызы ғана аман қалған.

Қаза тапқан қос зейнеткерді жерлеу рәсімі өтті. Олардың жаназасы қылмыс болған шаңырақтарынан шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, 74 жастағы қарт пен оның 67 жастағы жұбайын күдікті екі күн бұрын ұрып-соққан. Онымен қоймай, пышақпен кескілепті. Ауыр соққыдан қансыраған оларды жертөлеге қамап тастайды. Әжей сол жерде қаза тапса, қария ауруханаға жеткен соң жантәсілім етті.

Серіктес жаңалықтары