«Ұзағынан болсын!»: үшінші рет үйленген Жаһан Отарғалиевке анасы батасын берді (ВИДЕО)
Ол қалыңдығымен бірге Астанадағы Бас мешітте некесін қиды
Үшінші рет неке қиып, шаңырақ құрған актер Жаһан Отарғалиевке анасы батасын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер осыған дейін Астанадағы Бас мешітте некесін қиғаны жөнінде видео жариялаған болатын.
«Демалыс керемет болып жатыр. Жаңалығың керемет. Ұзағынан болсын!» - дейді Жаһан Отарғалиевтің анасы.
Айта кетейік, Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді. Актердің бұл жолғы қалыңдығы кім екені әзірге белгісіз. Видеода қалыңдығының бет-әлпеті бүркемеленген.
Экс-күйеуінің үйленуіне қатысты әнші Балжан Бидаш Балиде демалып жүрген жерінен ойын айтты.
Осыған дейін актердің анасы ұлына баласы бар келіншекке үйлену туралы ақылын айтқан болатын.