$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жартылай жалаңаш күйінде жұртқа тиіскен ер адам сотты болды

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 05:30-да болды

Алматыда жартылай жалаңаш күйінде жұртқа тиіскен ер адам сотты болды
Фото: Видеодан скрин

Алматы соты мегаполис көшелерінде шу шығарған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін әлеуметтік желіде киімін шешіп тастаған ер адам жолдың ортасында біреудің көлігінің капотын белбеуімен ұрған видео тараған болатын. Жүргізушінің ер адамды көлігінің капотынан түсірмек болған әрекеті сәтсіз болды.

Оқиға 15 қаңтарда сағат 05:30-да Алматыда болған.

«102 пультіне Абылай хан көшесінде мас күйінде белгісіз ер адам көліктерге шабуылдап жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Патрульдік экипаж құқық бұзушыны ұстап, Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізді», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

28 жастағы ер адам алдымен ұсақ бұзақылық пен қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.

Осыдан кейін Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #мас адам