$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын»: Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті

Ол Сауд Арабиясындағы даму жолын тілге тиек етті

«Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын»: Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті
Фото: Facebook/Aigul Orynbek

Заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке шүйлігіп, жіберген қателіктері тізбектеп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңгер Меккедегі әйел адамның құқығы ерекше қорғалғанын айрықша атап өтті.

«Мұхамеджан Тазабек ағамыздың жазбаларын оқып, Сауд Арабиясы артта қалған ел деп ойлайтын едім. Сөйтсем, бұл ел білім мен цифрлы жаһандану арқылы дамуға бар күшін салып жатыр екен. Ал біздің қазақтар сол елдің жаһандануына өз үлестерін қосып жатыр.

Тазабек қандай Меккеге барып жүргенін қайдам, бірақ мен барған Меккеде әйелдердің құқығы өте жоғары деңгейде екенін байқадым. Әсіресе ер азаматтар ақша табуды толық өз жауапкершілігіне алған. Әйелдер балаларын қалай асыраймын деп бас қатырмайды», - деп жазды заңгер.

Ол сөзін жалғай отырып, бұл елде бөлісуге тұрарлық пайдалы және қызықты дүниелер өте көп екенін тілге тиек етті.

«Қаңтар оқиғасы кезінде елден «талақ айтып» кеткен Мұхамеджан ағамыз кезінде осы елдің керемет тәжірибесін неге айтпады деген сұрақ мені мазалады.

Кофе ішіп, әтір сеуіп, қарапайым халыққа тек ақыл айтып қана қоймай, Сауд Арабиясы патшаларының өз халқына қандай жағдай жасап жатқанын насихаттамағаны өкінішті.

Оның жанындағы шапанын көтеріп жүрген шәкірттері мен Асыл арнасы тек құлшылық пен әйелдермен ұрсып, орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын.

Миы уланған қараңғы әйел топас ұрпақ тәрбиелейді. Ұлтты жойғың келсе, көп нәрсе қажет емес – әйелді білімсіз қылсаң жеткілікті», - деп ойын білдірді Айгүл Орынбек.

Ол сөзін жалғай отырып, діннің тарихына тоқталып өтті.

«Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатимаға көрсеткен құрметі мен мәртебесін бұлар білмеді деу мүмкін емес. Әр елдің заңын, салт-дәстүрін сыйлап, құрмет көрсету – міндетім. Бірақ бұл мен орамалға келдім деген сөз емес!

Өздерің ше пәтуа шығарып жүрмеңдер. Ата-анамды Меккеге арқалап емес, ұшақпен алып бардым», - деп ойын аяқтады Аййгүл Орынбек.

Серіктес жаңалықтары