Жаһан Отарғалиев ажырасып кеткен соң 1,5 жылға жуық уақыт салып, қайта үйленді (ВИДЕО)
Актер осымен үшінші мәрте шаңырақ көтерді
Танымал актер Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер жаңа қалыңдығымен неке қию рәсімінен түсірілген видеосын жариялады.
«Бұл – жаңа өмірдің бастамасы», - деп жазды Жаһан Отарғалиев Instagram парақшасында.
Актердің бұл жолғы қалыңдығы кім екені әзірге белгісіз. Видеода қалыңдығының бет-әлпеті бүркемеленген.
Айта кетейік, актер осымен үшінші мәрте үйленіп отыр. Соңғы рет ол 2023 жылдың жазында әнші әйелі Балжан Бидашпен ажырасқаны туралы ресми мәлімдеген болатын.
Ұлы мен келіні ажырасып кеткеннен кейін Жаһан Отарғалиевтің анасы ұлына баласы бар келіншекке үйлену туралы ақыл айтқаны осыған дейін хабарланған болатын.