Болат Назарбаевтың қоры Мақтааралда 20 үйдің құрылысын бастады
Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Мырзакенттегі жаңа шағынауданда Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы басталды. Қазір құрылыс алаңында үйдің іргетасы қаланып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қорының қаржысына салынып жатқан үйлер шілде айының соңында пайдалануға беріледі.
«Мырзакенттегі біздің қор атынан салынып жатқан үйлерді жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде. Қазіргі таңда жерді қазу, құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы күндері іргетасын қалап, 20 үйдің құрылысын 20 шілде күні толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», - дейді «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов.