$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2020, 01:53
Жаңалықтар

Биыл Нұр-Сұлтанда екі көпір құрылысы аяқталады

Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді

Биыл Нұр-Сұлтанда екі көпір құрылысы аяқталады
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Биыл Нұр-Сұлтанда көлік қатынайтын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Елордада көлік жолайрықтары, көпірлер мен өткелдер құрылысы қашанда өзекті. Кез келген ірі қалалар мен мемлекеттердің астаналарында адамдар мен көлік саны айтарлықтай өсіп келеді. Биыл Нұр-Сұлтанда көлік қатынайтын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Әкімнің айтуынша, оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелері, «Нова сити» кешені аумағы, «Мыңжылдық» аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, әрі «Нұрлы жол» вокзалына тез жетуге мүмкіндік береді. 

Биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпір салу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары