$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде автобусты мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылуы мүмкін

Ақтөбеде автобусты мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбеде автобусты мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды. Ол осы әрекетімен автобус жолаушыларына қауіп төндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

​Патрульдік полиция қызметкерлері «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында маршруттық автобус жүргізушісінің күдікті әрекетіне назар аударды. Тексеру кезінде полицейлер жүргізуші мас күйінде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, сараптама жүргізді.

​Тест олардың күдіктерін растады: жүргізуші расында да мас күйде болып шықты. Құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды.

​«Енді жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. ​

​Естеріңізге сала кетейік, 14-16 қаңтар аралығында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары