$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы халықаралық әуежай қала әкімдігінің балансына қайтарылды

Шетелдік компаниямен келісімшарт мерзімі аяқталды

Астанадағы халықаралық әуежай қала әкімдігінің балансына қайтарылды
Фото: nn-airport.kz

Астанадағы халықаралық әуежай шетелдік компаниямен келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты қала әкімдігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

«Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары