$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелдіктерге заңсыз азаматтық алып берген: Астананың екі тұрғыны сотталып кетті

Олар осы әрекеті арқылы әр шетелдіктен 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан

Шетелдіктерге заңсыз азаматтық алып берген: Астананың екі тұрғыны сотталып кетті
Фото: freepik.com

Елорда тұрғындары жалған құжаттармен шетелдіктерге арнап заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астананың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдікке заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған.

Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған.

«Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Сотта мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді.

Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасында ақшалай қаражаттар мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары