14.01.2025, 11:30
Жаңалықтар
Тоқаев Хорватия президентін қайта сайлануымен құттықтады
Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынас жайлы айтты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Республикасының президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.
Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
