$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада киік аулаған екі адам 6 және 7 жылға сотталып кетті

Олар мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірген

Қызылордада киік аулаған екі адам 6 және 7 жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысының екі тұрғыны киік аулағаны үшін 6 және 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар киіктерді автокөлікпен қуып, оқ атқан. Олардың көлігін тоқтатқанда, ішінен 30 кг-дан астам киік еті, 5 киік басы табылған. Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.

«Бір сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде оның ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұза отырып, құқық бұзушылық жасағаны танылған.

Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды», - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы киік саны 4 млн басқа жеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары