$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың ақшасын сыпырып кетпек болған Ресей азаматы шекарада ұсталды (ВИДЕО)

Ол зейнеткердің 13,2 млн теңгесін алаяқтықпен алған

Қазақстандықтардың ақшасын сыпырып кетпек болған Ресей азаматы шекарада ұсталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жұрттың банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алаяқтықпен 13,2 млн теңгесін иемденіп алғанын айтқан. Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары