$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мегаполистерде алдағы екі күнде ауа райы қандай болады

Бұл күндері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Мегаполистерде алдағы екі күнде ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» мамандары Астана, Алматы және Шымкентте алдағы екі күнде ауа райы қандай болатынын жариялады. 13-15 қаңтар аралығында елімізде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Астана

  • 13 қаңтар:

Түнде және күндіз аздаған бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 2-7 м/с. Температура түнде -16…-18°С, күндіз -8…-10°С.

  • 14 қаңтар:

Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -11…-13°С, күндіз -5…-7°С.

Алматы

  • 13 қаңтар:

Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 0-5 м/с. Температура түнде -6…-8°С, күндіз 0…+2°С.

  • 14 қаңтар:

Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 0-5 м/с. Температура түнде -6…-8°С, күндіз +1…+3°С.

Шымкент

  • 13 қаңтар:

Шағын бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -3…-5°С, күндіз +10…+12°С.

  • 14 қаңтар:

Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде -1…-3°С, күндіз +10…+12°С.

Серіктес жаңалықтары