2025 жылы қазақстандықтар неше күн демалады
Демалыс күндері наурыз айында көп болады

2025 жылы қазақстандықтар барлығы 119 күн демалады. Бұған мереке күндері мен сенбі-жексенбі кіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаңтарда Жаңа жыл мерекесі ұзақ демалыс сыйлады. Бұл айда барлығы 11 демалыс күні бар.
Ақпан мен сәуірде, сонымен қатар қараша айында қосымша мерекелер қарастырылмаған. Демалыс күндері тек сенбі және жексенбімен шектеледі (8 күн). Демалыс күндері наурыз айында көп болады — 14 күн.
Мамырда сенбі-жексенбіден бөлек 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі), 7 мамыр Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі), 9 мамыр Жеңіс күні (жұма). Бес күн жұмыс істейтіндер осы күндері демалады.
Маусымның 6-сы (жұма) Құрбан айт болады. Яғни, қазақстандықтар үш күн қатар демалады.
Шілдеде Астана күні жексенбіге келгендіктен, дүйсенбі демалыс болады.
Тамызда Конституция күні бар. Бұл мереке дүйсенбіге ауыстырылып, 1 қыркүйек – демалыс күні болады. Ал қазанда Республика күні қарсаңында қазақстандықтар 25 қазаннан 27 қазанға дейін (жұма – жексенбі) демалады.
Ал 16 желтоқсан сейсенбіге келіп тұр. Осылайша қазақстандықтар сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қосқанда 119 күн демалады.